«Әлем Барысында» ел намысын қорғауға үміткер алты палуанның төртеуі бұрын-соңды «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпаздары.
Ал, екеуі сол турнирдің жүлдегерлері. Соның бірі – Асыл Бәрменов.
Қазақ күресінен Азия чемпионы(2011 ж.), Әлем кубогының иегері (2012 ж.), 2014 жылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдегері.
Бапкері: Сұлтан Тынысбаев.
Туған жылы – 1988.
Жасы – 26.
Салмағы: 98 келі.
Бойы: 177 см.
Асыл Бәрменов әлі де бабында тұрған спортшылардың бірі. Бірақ, үздік төрттікке кіріп, «Әлем Барысында» ел намысын қорғау үшін дайындығын одан сайын үдете түсуі керек.