Өткен аптада теннистен Кремль Кубогы үшін халықаралық жарыста шебер ойын өрнегін көрсеткен қазақстандық Михаил Кукушкин енді Базельде 20-26 қазан аралығында өтетін халықаралық турнирге қатысады. Оның бірінші айналымдағы қарсыласы - әлемнің төртінші ракеткасы, швейцариялық Станислас Вавринка, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сондай-ақ, бұл турнирде әлемнің екінші және үшінші ракеткалары, испандық Рафаэль Надаль мен тағы бір швейцариялық Роджер Федерер де бағын сынайды. Қазақстандық Андрей Голубев жарыста ресейлік Теймураз Габашвилимен күш сынасады.
Айта кетейік, М.Кукушкин Мәскеудегі додада жартылай финалда әлемнің үздік теннисшілерінің бірі, хорват Марин Чиличке есе жіберді.