Дүкенбай Досжан – нағыз көркемсөз шебері. Оның қай әңгімесін алсаңыз да, барынша қарапайым тілмен үлкен идеяларды айтатынын байқайсыз. Әсіресе, шағын туындылары оқырман көңілін тез баурап алғыш келеді.
Ол – тырнақалды әңгімесін он бес жасында жариялаған, содан бері оқырмандарына жүздің үстінде әңгіме, жиырмадан астам хикаят, оннан астам роман ұсынған қаламгер.
Дүкенбай Досжанның кітаптары әлемнің 20-дан астам тіліне аударылып, 7,7 миллион таралыммен басылған екен. Ол – біздің еліміздегі оқырманы ең көп жазушы еді.
Бүгін 16.25-те «Жарқын бейне» хабары жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дүкенбай Досжанды еске алады.