Turkvizyon-2014. Ұлттық іріктеудің финалына өткен үміткерлер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Turkvizyon-2014. Ұлттық іріктеудің финалына өткен үміткерлер анықталды

17.10.2014
Turkvizyon-2014. Ұлттық іріктеудің финалына өткен үміткерлер анықталды

15 қазанда Алматыда Turkvizyon-2014 Халықаралық ән байқауының Ұлттық іріктеуінің жартылай финалы өтті. www.turkvizyon.kz  сайтына додаға қатысатын үміткерлерден 100 шақты өтініш келіп түскен. Ұйымдастырушылар жартылай финалға байқау ережесіне сәйкес келетін 40 шақты әншіні өткізді.

Қазылар алқасы құрамы: танымал сазгер, ән өңдеуші, әнші, музыкалық продюсер Ринат Гайсин, айтыскер ақын, тележүргізуші Айнұр Тұрсынбаева, «NS» радиосының бағдарламалар директоры Тимур Сержанов, танымал әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» сыйлығының иегері Алтынай Жорабаева, «Хабар» Агенттігі» АҚ Бас продюсері Ринат Думанұлы.

Сонымен бірге, Ұлттық іріктеуге «Turkvizyon-2014» Халықаралық ән байқауының  Бас продюсері және продюсер Лина Арифулина және ADAM Media Group компаниясының бас директоры Динара Адам қатысты, деп хабарлайды байқаудың баспасөз қызметі. 

Ұлттық іріктеуге келген 40 шақты өнерпаз поп, рок, этно және рэп жанрындағы жаңа әндерді орындады. Қазылардың шешімімен 16 үміткер финалға жолдама алды.

Хабарламаларға жазылу