Жанар Дұғалова «Turkvizyon -2014» байқауында алғашқы болып шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанар Дұғалова «Turkvizyon -2014» байқауында алғашқы болып шығады

18.11.2014
Жанар Дұғалова «Turkvizyon -2014» байқауында алғашқы болып шығады

19-21 қарашада Қазанда өтетін «Turkvizyon-2014» байқауын қазақстандық әнші Жанар Дұғалова алғашқы болып өнер көрсетеді. Бұл туралы Instagram-дағы өз парақшасында белгілі продюссер Динара Адам хабарлады.

Халықаралық вокал байқауында 16 елден орындаушы бақ сынайды.

Жанар Дұғалова қазанның аяғында өткен ұлттық байқау финалында жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, «Turkvizyon» алғашқы байқауы өткен жылы түріктің Ескішаһар қаласында өтіп, оған 24 ел мен өңірлердің өкілдері қатысқан. Былтырғы байқауда ел атынан қатысқан Rin'Go тобы 9-орынды иеленген болатын. 

Сурет: comode.kz

Хабарламаларға жазылу