«Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастырған «Арнаның бетке ұстарлары» республикалық байқауының екінші кезеңі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастырған «Арнаның бетке ұстарлары» республикалық байқауының екінші кезеңі басталды

20.05.2016
«Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастырған «Арнаның бетке ұстарлары» республикалық байқауының екінші кезеңі басталды

«Қазақстан» РТРК» АҚ алдағы келе жатқан Байланыс және ақпарат саласы мамандарының күніне орай үздік тележүргізушілер арасында байқау жариялаған болатын.

Алғашқы кезең 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында өтті. Онда облыстық телеарналар эфиріндегі бағдарламалар мен  жаңалықтар жүргізушілері арасында сайт арқылы дауыс беру ұйымдастырылды.

Нәтижесінде әр аймақтан көрермендер мен интернет қолданушылардың ең көп қолдауына ие болған екі журналист байқаудың екінші, яғни, республикалық кезеңінде  бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.

Алғашқы айналымнан топ жарып шыққандар арасындағы бәйге қорытындысы 26 маусымда шығарылады.

Онда байқаудың бас жүлде, яғни, Гран-при иегері анықталады.  Сонымен қатар, I,  II және III орынға лайықты деп танылғандардың есімдері белгілі болады. 

Жеңімпаз, жүлдегерлер «Қазақстан» РТРК» АҚ  басшылығының арнайы дайындаған дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Байқау мақсаты - еліміздің әр аймағында жұмыс істеп жатқан филиалдардағы қызметкерлердің еңбектерін елеп-ескеріп, лайықты бағасын беру.

Үздік жүргізушіні анықтауға Сіз де атсалысыңыз!

Дауыс беру сілтемесі 

Хабарламаларға жазылу