Еуро-2016. Викторина сұрақтарына жауап беріп, Қазақстан Футбол федерациясының арнайы сыйлығын ұтып ал! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Викторина сұрақтарына жауап беріп, Қазақстан Футбол федерациясының арнайы сыйлығын ұтып ал!

10.10.2015
Еуро-2016. Викторина сұрақтарына жауап беріп, Қазақстан Футбол федерациясының арнайы сыйлығын ұтып ал!

Kaztrk.kz сайты мен Қазақстан Футбол федерациясының ұйымдастыруымен көрермендер арасында ұйымдастырылған викторинаға қатысып, арнайы сыйлығын ұтып ал!

1. Биыл Қазақстан Ұлттық құрамасы неше жолдастық кездесу өткізді? Қай құрамалармен және ойын нәтижесін атаңыз?

2. Еуро-2016 іріктеу турнир аясында Қазақстан Ұлттық құрамасы қазірге дейін қарсыластар қақпасына неше гол салды?

3. 1995 - 1997 жылдары Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері кім болды?

4. Қазақстан Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) мен Азия футбол конфедерациясының (АФК) мүшесі болып қай жылы қабылданды?

5. Қазақстан біріншілігінің тарихында ең алғаш 3 рет чемпион атанған клуб?

6. Қазақ КСР Футбол ассоциациясы қай жылы құрылды?

7. Қазақстан Ұлттық құрамасы УЕФА аясында алғашқы матчын қай жылы және қай елмен өткізді?

8. Қазақстанда алғашқы футбол алаңы қай жылы және қай қалада пайдалануға берілді?

9. Қазақстан Ұлттық құрамасы жалпы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Нидерланд құрамасына қарсы неше кездесу өткізді?

10. Нидерланд құрамасының қақпасына алғашқы гол соққан қазақстандық футболшы?

Сұрақтардың жауабын info@kaztrk.kz электронды мекен-жайға жолдаңыз.

ЕСКЕРТУ: Жауабыңызда сұрақтың реттік саны көрсетілуі тиіс! Ұялы телефон нөмірі мен электронды поштаны көрсету міндетті.

Хабарламаларға жазылу