АҚШ ұлттық киносыншылар одағы жылдың үздік фильмін анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ ұлттық киносыншылар одағы жылдың үздік фильмін анықтады

03.12.2014
АҚШ ұлттық киносыншылар одағы жылдың үздік фильмін анықтады

АҚШ-тағы ұлттық киносыншылар одағы 2014 жылдың үздік туындыларын марапаттады. Оскар Айзек пен Джессика Честейн сомдаған «Ең қатігез жыл» («А most violent year») драмасы «Жылдың ең үздік фильмі» атанды.

Ал, «Америкалық мерген» («American sniper») картинасын түсірген Клинт Иствуд «Үздік режиссер» атағын жеңіп алды. Джулианна Мур («Әлі де Элис» / «Still Alice») үздік актриса деп таңылса, «Үздік актер» аталымында жүлдені Оскар Айзек пен Майкл Китон («Бердмен») бөлісті.

Анимациялық фильмдердің ішінен «Айдаһарды қалай қолға үйрету керек 2» («How to Train Your Dragon 2») картинасы топ жарды. Бұл санатта, сондай-ақ, «Үздік шынайы сценарий» аталымында «Лего. Фильм» («The Lego movie») картинасы жүлдеге лайық деп таңылды. Сонымен қатар, «Ең үздік актерлік ансамбль» аталымы бойынша «Қаһар» («Fury») туындысын жарыққа шығарғандар марапатталды. 

Хабарламаларға жазылу