Ертең Алматыда «AlmatyInvest 2014» II халықарылық инвестициялық форум басталады, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Шараға қала әкімі Ахметжан Есімов, Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Францияның экс-премьер-министрі Франсуа Фийон, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бішімбаев, Көлік және даму институты (IDTP) директорлар кеңесінің президенті Энрике Пеньялоса, атақты халықаралық инвестор, «Rogers Holdings» инвестициялық компаниясының басшысы Джим Роджерс, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің вице-президенті Ганс-Петер Ланкес пен өзге де лауазымды тұлғалар қатыспақ.
«Форум қатысушылары адамзат өміріне жаңаша сипат беретін айтарлықтай өзгерістерді талқылайды. Заманауи технологиялардың дамуымен көлік және тасымал саласының әлеуеті артып келеді. Пікірталас барысында технологиялық прогресс жағдайларындағы инновациялық инфрақұрылымдық шешімдер қарастырылады деп күтілуде. Сонымен қатар, Инвестициялық форум қатысушылары ұлттық инновациялық жүйе, туризм мен «жасыл» экономикаға өту негіздерін дамыту мәселелерін талқылайды», - делінген хабарламада.
Форум аясында Алматы әкімдігі мен қаржы институттары арасында меморандумға қол қою жоспарланып отыр.