«Дала қыраны – 2014» аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дала қыраны – 2014» аяқталды

14.10.2014
«Дала қыраны – 2014» аяқталды

Германия аумағындағы АҚШ қарулы күштерінің біріккен көпұлтты даярлық орталығында «Дала қыраны – 2014» бітімгерлік оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

ҚР Қорғаныс министрлігі 2003 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырып келе жатқан бұл оқу-жаттығу тұңғыш рет Қазақстаннан тыс жерде өтіп отыр.

Жаттығу басшылығының баяндауынша, «Дала қыранының» мәні толықтай жүзеге асырылып, бітімгерлік процедураларының тәжірибесіне оқыту мен пысықтау бойынша іс-шаралар табысты жүргізілді.

Баяндамада барлық әскери қызметшінің бірлескен қимылдардан жақсы дағды алғаны, сондай-ақ жаттығуда жинаған машықтарын нақты істе көрсете алатыны, БҰҰ бітімгерлік операцияларына қатысуға даяр екені атап көрсетілген.

Алдағы жылы «Дала қыраны» халықаралық тактикалық-арнайы бітімгерлік оқу-жаттығуын Қазақстанда өткізу жоспарланып отыр.

Хабарламаларға жазылу