Классикалық парашюттік спорт чемпионатының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Классикалық парашюттік спорт чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

29.07.2015
Классикалық парашюттік спорт чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

53975 әскери бөлімінің ҚР ҚК парашюттік даярлық орталығының базасында классикалық парашюттік спорт бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің 24-ші жеке және командалық  ашық чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Жарысқа 15 ер және 5 әйел командасы, 53975 ә/б іздеу-құтқару және парашюттік-десанттық қызметінің 60-тан астам армиялық спортшылары, Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері, парашюттік спорт клубтары мен федерация өкілдері қатысты.

Спортшылар  қону дәлдігі бойынша  парашюттен 602 жеке секіру және акробаттық фигуралар кешенін орындады. Қазақстан Қарулы Күштерінің абсолюттік чемпиондары атағын ҚР ҚК Парашюттік даярлық орталығының спортшылары аға прапорщик Инна Анцупова мен ҚР ҚК қызметкері Вячеслав Ли иеленді. 

Топтық секірулер бойынша жерге қону дәлдігі жаттығуларында ҚР ҚК Парашюттік даярлық орталығының ерлер және әйелдер командасы бірінші орын алды. 

Хабарламаларға жазылу