Головкин vs. Рубио. Жекпе-жектің бас төрешісі - Джек Реисс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин vs. Рубио. Жекпе-жектің бас төрешісі - Джек Реисс

16.10.2014
Головкин vs. Рубио.  Жекпе-жектің бас төрешісі -  Джек Реисс

Кәсіпқой бокстан WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (30-0, 27 КО) мен WBC тұжырымы бойынша уақытша Әлем чемпионы, мексикалық  Марко Антонио Рубио (59-6-1, 51 КО) арасында өтетін жекпе-жектің  бас төрешісі белгілі  болды, деп хабарлайды Дүниежүзілік бокс қауымдастығы.

Бұл міндет калифорниялық  Джек Реисске жүктеліп отыр. Егер, жекпе-жек 12 раундқа созылса, онда жеңімпаз Рауль Каисс, Роберт Хойл және Макс де Луканың бағалары бойынша анықталады. Олардың барлығы АҚШ-тың төрешілері.

Еске сала кетейік,  жекпе-жек 18 қазанда Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында өтеді.  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телернасы тікелей эфирден ұсынады.

Жекпе-жек жексенбі күні Астана уақыты бойынша  «KAZsport» телеарнасында 07.00-де басталады. Ал, Ұлттық арна бокс кешін 08.00-ден бастап қосылады.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубио кеше жанкүйерлер алдында ашық жаттығу өткізді.

 

Фото: 1.skysports.com

Хабарламаларға жазылу