Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Ғалым Кенжебаев 19 қазанда өтетін Г. Головкин мен Марко Антонио Рубио жекпе-жегінде Головкиннің айқын басымдықпен жеңіске жететініне сенімді, деп хабарлайды vesti.kz.
«Рубио Головкинге қарсылас бола алатын жан емес. Ол, тіпті, 3-4 рауд қана Головкинге қарсы тұра алатын шығар. Оның нокауттық соққылары жоқ, қорғанысы да тым әлсіз. Соған қарамастан жекпе-жек қызықты өтеді деп сенемін», - дейді тренер.
Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубио жекпе-жегін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан және «KAZsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар.
Фото: www.sportinfo.kz