Абай облысында «Қаладан ауылға» жобасы іске асуда
Абай облысында биыл басталған «Қаладан ауылға» бағдарламасы жоспарға сай іске асып келеді. Ақпан айында іске қосылған қанатқақты жоба арқылы қазірдің өзінде 171 отбасы, яғни 600 ге жуық адам ауыл-аймақтарға қоныс аударған. Әсіресе оңтүстік облыстардан келіп жатқандар көп.
«Қаладан ауылға» жобасының ерекшелігі – осыған дейін шыққан
барлық әлеуметтік бағдарламалар бір арнаға біріктірілген. Соның арқасында көшіп келгендерге
жан-жақты қолдау көрсетіледі. Жол шығындары өтеліп, тегін баспана беріледі.
Жергілікті әкімдік тұрақты жұмысқа орналастыруға көмектеседі. Қоныстанған
отбасыларға мал беріп, қолдау танытып жатқан ауылдар да аз емес. Мұндағы басты міндет – түтіні сиреп бара жатқан
елді мекендердегі
халық санын көбейтіп, шаруашылығын
жандандыру, -дейді мамандар.
Қанат Тұрар, «Қаладан ауылға»
жобасының үйлестірушісі:
Бізде ең бірінші мәселе, оқушысы аз халқы аз ауылдарға бағыттаймыз. Негізгі талаптың біреуі сол болатын. Сол ауылдарды жабылып қалудан сақтауымыз керек. Қорғауымыз керек. «Елге ел қосылса, құт» дейді. Келіп ауылға қоныстанамын деген азаматтарға барынша қолдау көрсетуге дайынбыз. Енді бір қалың лек келеді. Соған дайын болуымыз керек. Көбі мектеп аяқтасын балаларымыз, содан кейін көшеміз деп отырған отбасылар көп.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17