Оралда тыл ардагеріне құрмет көрсетілді
Оралда тыл ардагеріне құрмет көрсетілді. Облыс әкімінің тапсырмасымен 97 жастағы ұлағатты ұстаз Сәндеш Жақашеваға қала басшысы арнайы барып, хәл-жағдайын білді.
Казталов ауданының тумасы Сәндеш Жақашева саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған. Соғыс жылдары жастайынан ауыр
еңбекке араласты.
Өжет, қайсар боп өскен ол Алматыға барып, жоғары білім алып, ауыл мектебінде
тарих пәнінен сабақ берген. Алғырлығымен көзге түсіп, бірден оқу ісінің
меңгерушілігіне тағайындалған. Кейін Алма Оразбаева атындағы мектепте 20 жыл
директор болып қызмет атқарған. Қала әкімі соғыс және тыл ардагерлерін
әлеуметтік қолдау Президенттің, өңір басшылығының тікелей назарында екенін
айтып, кейуанаға ілтипат білдірді. Еңбек ардагері де риза болып, ақ батасын
берді. Өңірде 6 соғыс ардагері, 1500-ден астам тыл ардагерлері бар. Олардың
әлеуметтік жағдайына тұрақты түрде көңіл бөлініп келеді. Тыл еңбеккері Сәндеш
Жақашеваға да біржолғы әлеуметтік төлем табысталды.
Сәндеш Жақашева, тыл ардагері:
Мен қазір 97-демін. 1955 жылы ҚазақКСР Жоғарғы кеңесінің депутаты болып сайландым. 1966 жылы мемлекеттік «Еңбек Қызыл Ту» орденімен наградталдым. Жұмыс істеп жүрген уақытымда ешқандай ескерту алып көргенім жоқ, тек қана алғыс алдым. Менің оқушыларымның өзі пенсияға шықты. Сондықтан да мен өмірге ризамын. Тағдырдың маған берген жасына да.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17