Астанада «Бейбітшілік, келісім және руханият мәдениеті» атты конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Бейбітшілік, келісім және руханият мәдениеті» атты конференция өтеді

16.10.2014
Астанада «Бейбітшілік, келісім және руханият мәдениеті» атты конференция өтеді

17-18 қазан күндері Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Бейбітшілік, келісім және руханият мәдениеті» атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция өтеді.

Шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы және Рухани Келісім Конгрессі ұйымдастырып отыр. Конференция жұмысы 17 қазан күні Дүниежүзілік  рухани мәдениет форумы президиумы мүшелерінің баспасөз мәслихатымен басталады.

Баспасөз  мәслихатында Дүниежүзілік  рухани мәдени форумның теңтөрағасы, «Мәдениетке бейбітшілік арқылы» Халықаралық қауымдастығының президенті Төлеген Мұхамеджанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚР Президент Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов,  Дағыстан Республикасының басшысы Рамазан Абдулатипов (Ресей), Вильгельм Аугустат (Австрия) қатысады.

Сонымен қатар, шараға қатысушылар қатарында Дүниежүзілік  рухани мәдени форумның теңтөрағасы, «Мәдениет арқылы әлем-Еуропа» Халықаралық қауымдастығының президенті, Этика институтының директоры, Жаһандық қауіпсіздік институтының президенті Джонатан Гранофф (АҚШ), РФ президенті жанындағы жеке құқық зерттеу орталығының  атқарушы директоры,  Ресей жеке құқық мектебінің проректоры Юрий Агешин (Ресей Федерациясы)  де бар.

Конференция жұмысына Аргентина, Австрия, Германия, Грузия, Ливан, Израиль, Үндістан, Иран, Испания, Қырғыз Республикасы, Ресей, АҚШ, Украина, Франция, Швейцария елдерінің өкілдері  келмек. 

Хабарламаларға жазылу