Бүгін 16-шы республикалық «Жас ұлан – 2014» әскери әндер фестивалінің қорытынды кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шара І Әскери-патриоттық форумға әзірлік шеңберінде ұйымдастырылды.
Фестивальде әскери әншілер, фольклорлық шығармаларды орындаушылар, вокальді-аспапты топтар өз таланттарын ортаға салды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қатысушыларға Қазақстан композиторларының, өз шығармаларын, фольклорлық жанрдағы шығармаларды орындау ұсынылды.
Енді фестиваль лауреаттары 17 қазанда Конгресс-холлда марапатталмақ.
Айта кетейік, «Жас ұлан» әскери әндер фестивалі 1997 жылдан бері өткізіліп келеді.