Астанада бокстан халықаралық дәстүрлі «Елорда кубогы» турнирі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада бокстан халықаралық дәстүрлі «Елорда кубогы» турнирі басталды

27.06.2023

Астанада бокстан халықаралық дәстүрлі «Елорда кубогы» турнирі басталды. Байрақты бәсеке елімізде екінші рет ұйымдастырылып отыр. Жарыстың алғашқы күні жанкүйерлердің қызығушылығы 63 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жектерде болды. Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен Талғат Сырымбетов арасындағы жұдырықтасуда әлем чемпионатының қатысушысы Талғат жарақатына байланысты жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Екінші топтағы жұпта Қазақстан чемпионы Василий Самчук Ділмұрат Мижитовты жеңді. Дәл осы салмақта бақ сынаған Ертуған Зейнуллинов бірінші раундта Ерасыл Танқайды нокаутқа жіберіп, келесі айналымға жолдама алды. Үндістан өкілімен жұдырықтасқан Сұлтан Мусинов қарсыласынан айласын асырып, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу