Алматыды «Сонар-2015» құсбегілер сайысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыды «Сонар-2015» құсбегілер сайысы өтті

16.02.2015
Алматыды «Сонар-2015» құсбегілер сайысы өтті

Берікболсын Бабажан - Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Мыңқазан ауылынан осы жарысқа ат терлетіп келді. Ол қаршыға салуды бес жасынан үйренген.

8 жастағы жас саятшы қаршығасының алғырлығының арқасында бірнеше рет республикалық жарыстарда жүлдегер атанған.

10 жасынан қаршыға салып үйреніп, 18 жасынан бастап бүркіт баптауды кәсіп еткен Айбек ұзақ жылдық тәжірибесінің арқасында бүгінгі сайыста жеңімпаз танылды.

22 жастағы жігерлі азамат алдағы уақытта әлемдік сайысқа қатысып, қазақ елінің атын шығару үшін талмай еңбектеніп жүр. 

Құсбегілер биылғы мамыражай қыстың салдарынан қансонардың аз болуы – бүркіттерді шыңдауға кері әсерін тигізді, - дейді. Соның өзінде кәнігі қырандар қоян мен түлкі ілуден жаңылған жоқ.

Финалда құстары мүлт кетпеген 5 құсбегі 100 мың теңгеден сыйақы алды.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу