Ертең Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында өзге ұлт өкілдері арасында «Абай оқулары» өтеді. Шара XVI Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында ұйымдастырылмақ.
Мақсат – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін көрсетіп, Абай шығармашылығын насихаттау, еліміздің рухани бірлігін нығайту.
Байқауға еліміздің 14 облысынан және Алматы мен Астана қалаларынан 16 жас өрен қатысады.