23 тамызда Астанада «Абай оқулары» өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

23 тамызда Астанада «Абай оқулары» өтеді

20.08.2014
23 тамызда Астанада «Абай оқулары» өтеді

Биыл елімізде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 169 жылдығы тойланады.

Осыған орай, 23 тамызда Астанада ақынға арналған ескерткіштің жанында «Абай оқулары» өтеді.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.  

Абай -  қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, композитор, қоғам қайраткері. Ақынның шығармалары әлемнің бірнеше тіліне аударылған.  170 өлеңнің, 56 аударманың авторы. Сондай-ақ, бірнеше поэма мен Қара сөздер жазған.

Еске салайық, өткен жылы қаңтар айында тегін мобильдік қосымшада  Абай Құнанбаевтың Қара сөздерінің аудионұсқасы жарық көрді. 

Хабарламаларға жазылу