Қазақта «Әлі жеткен алып ұрады», «Алып анадан туады», «Күш атасын танымас» немесе «Тегеурінді тек тұрмас» деген сынды халық арасында кеңінен таралған мақалдар бар. Табиғатынан қара күштің иесі атанған палуандар қазақ тарихында жетерлік.
Қажымұқан, Малбақ , Балуан Шолақ, Парманқұл, Молдаш, Тәкентегі палуандардың ізін жалғаушы түйе палуандардың күшіне бүгінде жұрт куә. Солардың бірі – биылғы «Қазақстан Барысы» турнирінде жеңімпаз атанған Мұхит Тұрсынов.
Ол – Қазақ елінің әр түкпірінен келген апайтөс палуандардың арасынан Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғап, суырылып шығып, боз кілемнің дарабозы атанды.
Бүгін 23.30-да «Түнгі студияны» көріңіз. Бүгінгі қонақ – Мұхит Тұрсынов.