«Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» ток-шоуының жаңа маусымы 1-қыркүйектен басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» ток-шоуының жаңа маусымы 1-қыркүйектен басталады

13.08.2014
«Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» ток-шоуының жаңа маусымы 1-қыркүйектен басталады

1-қыркүйектен бастап,  «Қазақстан» Ұлттық  телеарнасының «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» ойын-сауықтық бағдарламасының жаңа маусымы басталады.

Жаңа маусымда бағдарлама қонақтарының қатарынан танымал эстрада және кино жұлдыздарын,  опера әншілерін, спортшыларды, режиссерлер мен продюсерлерді, ғарышкерлер мен мотобайкерлерді  көре аласыздар.

Олардың арасында «Қазақстан барысы-2014» жеңімпазы Мұхит Тұрсынов, «Қазақстан дауысы» жобасының өткен маусымдағы қатысушылары, Вен балы және Опера балының ұйымдастырушысы Марат Омаров, көркем гимнастшы Әлия Юсупова, цирк әртісі  Мұрат Мұтырғанов және танымал байкер Дмитрий Петрухин,  Ресей жұлдыздары Филипп Киркоров, Николай Басков, Сергей Безруков, Вера Брежнева бар.

Сондай-ақ, Зағипа Балиева, Бауыржан Байбек, Төлеген Мұхамеджанов, Талғат Мұсабаев және Ермек Аманшаев сынды қоғам қайраткерлері студия  қонағы болады, деп күтілуде.

Жоба авторлары көрермендерге бұдан да басқа бірқатар тосынсыйлар әзірлеуде.

«Жұлдызды инстаграмм» айдарында бағдарлама жүргізушісі Нұрлан Қоянбаев әзіл аралас түсініктемелерімен қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздарының инстаграмм парақшаларымен бөліседі. Яғни, көрермендерге  бір аптаның ішінде жұлдыздардың немен айналысқандарын жеткізбекші.

Мұнымен қоса, студия қонақтарына кішкентай бүлдіршіндер де сұрақ қоятын болады. Жұлдыздар балалық шақтағы суреттерін және бастан өткен түрлі қызықты жағдайларымен бөліседі.

Ток-шоудың жаңа маусымдағы шығарылымын 1 қыркүйектен бастап, дүйсенбі мен жұма аралығында, сағат 23.30-да тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу