«Samsung» компаниясы 802.11ad белгісін алған Wi-Fi-дың жаңа модификациясын таныстырды. Ол ақпаратты қабылдауда секундына 4,6 Гигабит жылдамдықпен жүреді. Бұл қазіргі стандарттармен салыстырғанда 5 есе жылдам.
Модификация 60 гигагерц диапазонында жұмыс істейді. Ал, бүгінгі бар технологиялар 2,4 және 5 гигагерцке ғана жетеді. «Samsung» компаниясы бұл жүйені 2015 жылы коммерцияландырмақ.