Елордада қоғамдық көлік жолаушылары тегін WI-FI пайдалана алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада қоғамдық көлік жолаушылары тегін WI-FI пайдалана алады

31.07.2014
Елордада қоғамдық көлік жолаушылары тегін WI-FI пайдалана алады

Астана қаласындағы қоғамдық көліктер тегін интернет қызметіне қосылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Smart Астана» департаментінің бас менеджері Айбек Садықовтың айтуынша, жоба қоғамдық көліктің ыңғайлылығын және жайлылығын жоғарылатуға бағытталған.

Ғаламтор жылдамдығы секундына 25 Мбит және одан жоғары.

Бүгінгі уақытта тегін WI-FI  12 автобуста орнатылған. Болашақта олардың санын  көбейту жоспарлануда.

Хабарламаларға жазылу