Арман Шылманов Дүниежүзілік таэквондо федерациясының атқарушы комитетіне қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арман Шылманов Дүниежүзілік таэквондо федерациясының атқарушы комитетіне қабылданды

15.10.2014
Арман Шылманов Дүниежүзілік таэквондо федерациясының атқарушы комитетіне қабылданды

Бутанда Дүниежүзілік таэквондо федерациясының кезектен тыс жиналысы өтті. Мұнда  Қазақстан таеквондо федерациясының (WTF) спорттық директоры Арман Шылманов халықаралық федерацияның президент Доктор Чунг Вон Чоның қолынан ұйымның атқарушы комитетінің мүшелігін растайтын сертификат алды.

Ендігі кезекте Арман WTF-тің барлық шешіміне ресми түрде дауыс беру құқығына ие. Ол Дүниежүзілік таэквондо федерациясының барлық жиналысы мен сайлауына қатысып тұрады.

Еске сала кетейік, Арман Шылманов таэквондодан Олимпиада ойындарының жүлдесін иеленген жалғыз қазақстандық спортшы. Бүгінгі таңда ол мемлекеттік бапкер қызметін атқарады. 

Сонымен қатар, Арман Шылмановтың WTF-тің атқарушы комитетінің мүшелігіне қабылданған жалғыз қазақстандық екенін де атап өткен жөн. Бұған дейін қазақстандықтар тек азиялық одақтың құрамына қабылданған болатын. Арман 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына дейін екі жылғы сайланды.

 

Фото: vk.com/kaztkd

Хабарламаларға жазылу