Иманғали Тасмағамбетов таэквондодан қара белбеу иегері атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иманғали Тасмағамбетов таэквондодан қара белбеу иегері атанды

05.09.2014
Иманғали Тасмағамбетов таэквондодан қара белбеу иегері атанды

Астана қаласы қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовке Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Вячеслав Ким таеквондодан (WTF) 7 дан мен қара белбеуді ұсынды, деп хабарлайды Қазақстанның таэквондо федерациясы.

Естеріңізге сала кетейік, 29-31 тамыз аралығында Астанада таэквондодан Гран-при турнирі өтіп, біздің елімізге таэквондодан Дүниежүзілік федерация басшылығы толық құраммен келген болатын. Аталған топты бастап келген Дүниежүзілік федерация президенті Чунгвон Чо Иманғали Нұрғалиұлына құрметті данды арнайы тапсыруды міндеттеді.

Вячеслав Ким ел спортын, оның ішінде таеквондоны дамытуға зор үлес қосқаны үшін Иманғали Тасмағамбетовке алғысын білдірді. Сонымен қатар, Астана қаласы әкімінің аты-жөні тігілген қара белбеу мен жетінші дан туралы Дүниежүзілік федерация сертификатын ұсынды.

Иманғали Тасмағамбетов өз кезегінде болашақта Қазақстандағы таеквондоны дамытуға үлес қоса беретінін жеткізді.

Хабарламаларға жазылу