Қызылорда облысында «Тарлан» бокс орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында «Тарлан» бокс орталығы ашылды

03.12.2015
Қызылорда облысында «Тарлан» бокс орталығы ашылды

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Бекжан Бектеновтың қатысуымен «Тарлан» бокс орталығының ашылу салтанаты өтті.

Бокс орталығының аумағы 1720 шаршы метрді құрайды. Спорт кешені 25 адамға арналған жатақханамен, шағын-футбол алаңы және 3 жолақты жүгіру жолымен жабдықталған.

Екі қабатты спорт кешенінде бокс, таэквондо, күрес түрлері және үстел теннисіне арналған жаттығу залдары бар.

Қызылорда облысында биыл салынған 3 спорт кешенінің қатарына «Тарлан» бокс орталығы қосылды.

Хабарламаларға жазылу