«Астана Операның» жетекші солистері «Ла Скалада» шеберлік шыңдауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Операның» жетекші солистері «Ла Скалада» шеберлік шыңдауда

25.09.2014
«Астана Операның» жетекші солистері «Ла Скалада» шеберлік шыңдауда

«Астана Операның» жетекші солистері аты аңызға айналған «Ла Скала» миландық театрында вокалдық орындау шеберлігін шыңдауда.

Жұпар Ғабдуллина мен Дина Хамзина «Ла Скала» театры Академиясының үздік ұстаздарынан білім алып жатқан алғашқы тәлімгерлер.

Әншілер «Астана Опера» театрында қараша айында тұсауы кесілетін Дж. Вердидің «Аида» операсындағы Аида және Амнерис партияларымен жұмыс жасайды.

Опера әншілері «Ла Скала» Академиясында дәріс алу, олардың шығармашылық-вокалдық өмірлерінде жаңа кезеңге айналатынын айтады.

Хабарламаларға жазылу