Елбасы «Травиата» операсына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Травиата» операсына барды

28.04.2016
Елбасы «Травиата» операсына барды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Операның басты орындаушылары - театрдың жетекші солистері - халықаралық конкурстардың лауреаты М.Мудряк пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Н.Бекмұхамбетов.

Қоюшы-режиссер Х.Брокхауз Джузеппе Вердидің әйгілі операсын бірқатар қызғылықты сахналық шешімдер арқылы ұсынды. Сондай-ақ қойылымға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Мұхитдинов басқаратын «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен бас хормейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е.Дәуітов басшылық ететін театр хоры қатысты. 

Хабарламаларға жазылу