11 қараша күні кез келген тауарды Қытайдан тегін жеткізуге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

11 қараша күні кез келген тауарды Қытайдан тегін жеткізуге болады

14.10.2014
11 қараша күні кез келген тауарды Қытайдан тегін жеткізуге болады

Бүгін Қытайлық «Tmall International» онлайн платформасы 11 қарашаға тапсырылған кез келген тауарды әлемнің қай түкпірінен тапсырыс берсе де тегін жеткізіп беретін хабарлады, деп жазады «Синьхуа» агенттігі. 

«11 қарашадағы шоппинг фестивалі» атауымен бұл акция «Tmall» бас компаниясы - Alibaba Group-ты шетелде дамыту жобасы бойынша өтпек.

Айта кету керек, аталған корпорация 19 қыркүйекте Нью-Йорктегі биржада акцияның бастапқы орналасуында 25 млрд. доллар пайда тапты және нарықтық құны бойынша әлемдегі екінші ірі Интернет-компания атанды.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу