«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Онлайн дауыс» байқауын жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Онлайн дауыс» байқауын жариялайды

30.10.2015
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Онлайн дауыс» байқауын жариялайды

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 30 қазан мен 11 қараша аралығында «Онлайн дауыс» байқауын жариялайды.

Байқау шарты бойынша кез келген Instagram әлеуметтік желісін қолданушы ән айтқан видеосын жеке парақшасына #onlinedauys хэштегі арқылы жариялау керек.

Айта кетейік, бейнероликтің алғашқы секундында «Арнайы «Қазақстан дауысы» үшін» деген сөз айтылуы тиіс.

Ұйымдастырушылар әлеуметтік желіде жарияланған видеолардың ішінен үздіктерін таңдап алып, 12-15 қараша аралығында kaztv.kaztrk.kz сайтында онлайн дауыс беру өткізеді. Байқау жеңімпазы 17 қарашада анықталады.

«Онлайн дауыс» байқауының жеңімпазы бағалы сыйлықтармен марапатталып, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы өзі таңдаған бағдарламаға қонақ ретінде қатысады.

Бағыңды сына!  Онлайн бол!

Хабарламаларға жазылу