Осыдан бірер күн бұрын Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли Букингем сарайында болды. Онда актрисаны Ұлыбритания ханымы II Елизаветаның өзі қарсы алып, орден табыстады.
Анджелинаға бұл орден дүниежүзі бойынша әйелдер зорлық-зомбылығына қарсы күресі үшін бұйырып отыр. Айта кету керек, Джоли мұндай орден алған АҚШ-тан шыққан тұңғыш әйел.
«Ішкі саясатқа қатысты жұмыс үшін орден алу – мен үшін үлкен құрмет. Бұл – менің өмір бойғы талпынысым»,-дейді актриса журналистерге берген сұхбатында.
Фото: gettyimages.com