Брэд Питт пен Анджелина Джоли тағы да бір фильмге түспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брэд Питт пен Анджелина Джоли тағы да бір фильмге түспек

04.05.2014
Брэд Питт пен Анджелина Джоли тағы да бір фильмге түспек
Голливудтың ең үздік жұбы Брэд Питт пен Анджелина Джоли бір фильмге түспек. Картина актерлердің «Мистер және Миссис Смит» фильмінен кейінгі екінші картинасы болмақ, деп жазадыСontactmusic.com. 
 
Жаңа фильмнің сценарийін Джоли осыдан бірнеше жыл бұрын жазған. Туындының түсіріліміЕвропада өтеді. Фильм сюжеті бойынша, ерлі-зайыптылар шаңырақ көтермес бұрын бір-біріне берген анттарында тұра алмай, қарым-қатынастарын реттеу үшін саяхатқа аттанады. Питт пен  Джоли келісімшартқа қол қойып та үлгерген. Фильмнің атауы әлі белгісіз.
 
Қазіргі таңда Джоли режиссерлік еткен «Қайсарлар» картинасын аяқтауда. Сондай-ақ, жақында актриса басты рөлін сомдаған «Малефисента» фильмі жарыққа шықпақ. Ал Питт «Қаһар» фильмінің түсірілімін аяқтады.
 

Хабарламаларға жазылу