Анджелина Джоли шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анджелина Джоли шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды

06.04.2016
Анджелина Джоли шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды

Америкалық актриса Анджелина Джоли шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды National Enquirer. Таблоид таратқан мәліметке сәйкес, ол тым көп салмақ жоғалтып, 35 келіге дейін арықтаған. Ол ас ішіп, өзін қалыпты жағдайға келтіруден бас тартып отыр.

Журналдың айтуынша, актрисаның күйеуі Брэд Питт Джолимен айырылыспақ ниетте. Осылайша ол ауырып жатқан әйелін ас ішуге мәжбүрлемек. Таблоид жариялаған мақаласына актрисаның арық күйдегі бірнеше фотосын да берген.

Айта кетейік, АҚШ баспасөзінде және нақты National Enquirer журналында Анджелина Джолидің анорексиядан қайтыс болайын деп жатқаны туралы ақпарат бұған дейін де болған. Ол мәліметтер осы уақытқа дейін расталмады. Енді таблоидта жарияланған ақпарат та ресми түрде дәлелденбеген. 

Хабарламаларға жазылу