Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барады

13.10.2014
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барады

Қазанның 13-15 аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуде болады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар аясында Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен келіссөздер өткізіледі. Сенат Төрағасы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі Хатшылығының Басшысы, Мәскеу және күллі Ресейдің Патриархы Кириллге Президент Н.Назарбаевтан 2015 жылдың 10-11 маусымы күндері Астанада өтетін V Съезге шақыруын жеткізеді.

Сондай-ақ, Қ.Тоқаевтың Ресей СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының 70 жылдығына орай Кремль сарайында өтетін салтанатты отырысқа қатысуы жоспарланған.

Хабарламаларға жазылу