Қызылордада «Сабантуй» тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Сабантуй» тойланды

24.05.2016
Қызылордада  «Сабантуй» тойланды
Думанды шарада түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып, әуелете ән шырқалды.

Қызылордада татар этномәдени орталығы дәстүрлі «Сабантуй» ұлттық мерекесін сән-салтанатымен тойлады. Думанды шарада түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып, әуелете ән шырқалды.

Бұл күні татар халқының ұлттық салт-дәстүрі жаңғыртылып, көңілді шараларға қызылордалықтар белсене қатысты. Көпшілік ұлттық тағамдардан дәм татып, қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалады.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу