Астанада ағылшын мүсіншісі Цадок Бен-Давидтің көрмесі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ағылшын мүсіншісі Цадок Бен-Давидтің көрмесі ашылады

25.09.2014
Астанада ағылшын мүсіншісі Цадок Бен-Давидтің көрмесі ашылады

Астанада  ҚР Ұлттық музейінде әйгілі ағылшын мүсіншісі Цадок Бен-Давидтің «Түн ортасының арғы беті» атты жеке көрмесі ашылады.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысады, деп хабарлайды strategy2050.kz.

«Экспозиция 3 инсталляциядан және мүсіннен тұрады. Әрбір инсталляция суретшінің ақиқатқа айналған ойы мен қиялының көкжиегін көрсетіп, өнерсүйер қауымды бірегейлігімен таңғалдырады. Цадок Бен-Давид - дүниежүзінде кең танылған және көпшілік мойындаған өзіндік көркем стилін қалыптастырған мүсінші», - делінген хабарламада.

Орталық Азия аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған көрме   2014 жылдың  26 қыркүйегі мен 5 желтоқсаны аралығында өтеді.

Хабарламаларға жазылу