Шығыс Қазақстан облысындағы Алматы күндерінің бағдарламасы ауқымды оқиғаларды қамтиды: көрме, жәрмеңке, бизнес кездесу, есімі берілген алма бағына ағаш отырғызу, алма ескерткішін ашу және басқа шаралар. Елдің шығысында Алматы күнін бірінші болып денсаулық сақтау және білім беру мамандары ашты. Диагностикалық орталықтар Алматыдан келген дәрігерлер қабылдау жүргізіп, кейін өскемендік мамандарға арналған шеберлік сағаты ұйымдастырылады.
Күннің екінші жартысында Алматының медицина қызметкерлері мен педагогтары шығысқазақстандық әріптестерімен дөңгелек үстелдер мен интерактивті көрмелерде пікір алмасуды жалғастырып, соңында ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылады.
Алматының шығармашылық ұжымдары кешке Өскеменде гала концерт өткізеді. Оған еліміздің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Майра Мұхамедқызы, Андрей Трегубенко және басқалары қатысады.
ҚазАқпарат