Қызылорда облысында ас тұзын байыту кешені салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында ас тұзын байыту кешені салынады

09.10.2014
Қызылорда облысында ас тұзын байыту кешені салынады

Қызылорда облысында жұмыс істеп тұрған тұз өндірісін кеңейту үшін тағы бір өнеркәсіптік кешен салу жоспарланып отыр

«Облыста жалпы қоры 166,7 миллион тонна болатын ас тұзының екі кен орны Жақсықылыш пен Арыста бар. Жақсықылыш кен орнында «Аралтұз» АҚ тұз өнімін өнеркәсіптік қайта өңдеумен айналысады. Өндіріс көлемін арттыру үшін ас тұзын байыту бойынша тағы бір кешен салу мәселесі қаралып жатыр», - деді облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары Нариман Пірім.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында Жақсықылыш шұңқырында 126 сульфатты көл мен ұлутас анықталды. Солтүстік-Батыс Арал маңында натрий сульфаты табылғаны белгілі. Нариман Пірімнің пікірінше, мұндай алғышарттардың барлығы бірқатар өндіріс ашуға қолайлы жағдай туғызады. Жаңа кешенді іске қосу қосымша жұмыс орны болумен қатар қыруар пайда көзі де болмақ.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу