Жолдаудың орындалуы: «AMANAT» партиясы Премьер-министрдің ақпаратын тыңдады
«AMANAT» партиясы фракциясы Президент Жолдауларының орындалуы туралы Премьер-Министрдің ақпаратын тыңдады. Өз кезегінде Үкімет басшысы Олжас Бектенов Үкімет тарапынан атқарылған жұмысқа тоқталды. Мәселен, былтыр шетелдік капиталдың қатысуымен 1,3 млрд доллар сомасына 45 жоба пайдалануға берілді. Жыл басынан бері өнеркәсіп өндірісінің өсімі былтырғы көрсеткіштен 6,9%-ға асып түсті. Биыл 190 жаңа өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорнын іске қосу жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 1,5 трлн теңге. 20 мыңнан астам жұмыс орнын ашу көзделуде.Үкімет басшысы «Келешек мектептері» ұлттық жобасына жеке тоқталды. Оның аясында 310 мың орындық 160 мектеп салынды. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде өңірлерде 540 медициналық нысан пайдалануға берілді. Олар шамамен 1 млн ауыл тұрғынын қамтиды.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Үкімет пен Парламенттің өзара үйлесімді жұмыс атқаруы – тиімді мемлекеттік саясаттың негізі. Өйткені бәріміздің мақсатымыз – бір. Ол – еліміздің өркендеуі, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы. Бұл үшін Президенттің Сайлауалды бағдарламасы мен Жолдауларындағы тапсырмалары дер кезінде орындалуы тиіс. Ортақ мұрат жолында жұмыла әрекет еткенде ғана біз нақты нәтижелерге қол жеткізетініміз анық.
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
