Ақсу қаласында өтетін флешмоб Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақсу қаласында өтетін флешмоб Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

09.10.2014
Ақсу қаласында өтетін флешмоб Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

Ақсу қаласында 11 қазан, сенбі күні он мың адамның қатысуымен «Бір Отан, Бір Тағдыр, Бір Елбасы! Алға, Қазақстан!» атты патриоттық акция өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Еліміздің Тұңғыш Президенті күніне арналған бұқаралық шараның басты мақсаты – жастарды татулық бесігінде тербелген елін, жерін құрметтеуге үйрету, осы күнге дейін металлургтер шаһары болып танылған шағын ғана Ақсу қаласы тұрғындарының бірлігі мен ауызбіршілігін, достығын көрсету. Бұл күні Ақсу өңірінің ардагерлері мен құрметті азаматтары, ірі кәсіпорындардың жұмыскерлері мен оқу орындарының студенттері бір адамдай жұмылып, «Достық» алаңында өтетін акцияға қатысады. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде", - дейді Ақсу қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Бибігүл Нұркенова.

Айта кетерлігі, аталмыш шара ең ауқымды акция ретінде «Бір Отан, Бір Тағдыр, Бір Елбасы! Алға, Қазақстан!» тақырыбы аясында рекордтық жетістік ретінде Гиннестің рекордтар кітабына тіркелуге өтініш берген.

Сонымен қатар Алғабас ауылдық аймағы Қарабай ипподромында теңге ілу, аудырыспақ, аламан бәйге, тоқ бәйге ұйымдастырылып, қонақтар назарына қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен мерекелік концерт әзірленуде.

Хабарламаларға жазылу