Қазақстандық марафоншылар рекорд жаңартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық марафоншылар рекорд жаңартты

23.09.2021

Тәуелсіздікке тарту. Қазақстандық марафоншылар Нұрсұлтан Бірлік пен Олжас Кәкімжанов  «Семей-Павлодар» бағытында ультрамарафон ұйымдастырды. Қос желаяқ бұл бастамасын егемендіктің 30 жылдығына арнады. Марафоншылар 330 шақырымды 45 сағат 10 минутта бағындырып, ел рекордын жаңартты. Бұған дейінгі жетістік 320 шақырым болатын. Енді жаңа рекорд Қазақстандағы Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Айта кетейік, Нұрсұлтан Бірлік Павлодар облысы Баянауыл ауданында дәрігер-реабилитолог болып еңбек етеді. Ал Олжас Кәкімжанов дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі. Майқайыңдағы орта мектепте жұмыс істейді.

Нұрсұлтан Бірлік, марафонға қатысушы: 
Жолда әртүрлі қиындықтар болды. Бұл оңай нәрсе емес 330 шақырымды бағындыру деген. Бір жылдық дайындық болды. Төрт мезгіл, қысы-жазы дайындалдық.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу