Алматыда Оралхан Бөкей атындағы республикалық байқау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Оралхан Бөкей атындағы республикалық байқау басталды

08.10.2014
Алматыда Оралхан Бөкей атындағы республикалық байқау басталды

Алматыда көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХVІ республикалық байқауы басталды. Елдің барлық өңірінен келген 16 үміткер Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрында бақ сынауда.

Талапты жастардың өнеріне қазылық ететін Оралханның туған қарындасы  - Ғалия Бөкейқызы мұндай байқаулардың тек қана Оралхан шығармашылығын емес, қазақ әдебиетін де насихаттау болып отырғанын атап өтті.

«Кез келген салаға көркем шығарманың ықпалы тиеді. Қай саланың маманы болса да адамның ой өрісі кең болу үшін керек. Ол әдеби шығармаларды оқу арқылы келеді. Жыл сайын министрліктің тіл комитеті қадағалап, аудандық облыстық республикалық деңгейде өтеді. Байқау Оралхан Бөкей атымен аталғанымен, бүкіл қазақ әдебиетін насихаттау деп білемін», - деді Ұлттық Академиялық кітапхананың бас директорының орынбасары Исаханова Ғалия Бөкейқызы.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастар Оралханның прозалық, драмалық шығармаларынан үзінді оқып жарысуда. Үздік шыққан үш үміткердің аты кешке белгілі болады. 

Хабарламаларға жазылу