Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
Астанада түнгі тыныштықты бұзған мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды жиілетті. Себеп - тұрғындардан шағым көбейген. Мәселен, 102 желісіне елорда тұрғыны үйінің маңында мотоцикл жүргізушісі қозғалтқыш айналымын күрт арттырып, қатты шу шығарғанын хабарлаған. Құқық қорғаушылар жедел қимылдап, 21 жастағы азаматты анықтады. Тыныштықты бұзу фактісі бойынша заң аясында шара қолданылды. Жыл басынан бері Астанада тыныштықты бұзуға қатысты 46 мыңнан астам факт тіркелген. Оның 168-і мотоцикл жүргізушілеріне тиесілі.
Махамбет Төлешов, Астана қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, түнгі 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Соған байланысты қазір рейдтік шаралардың аясында мотокөліктердің заңсыз қайта жабдықталған фактілері анықталып, жүргізушілер жауапкершілікке тартылады. Осы жаз мезгілінің басынан 25 мотокөлік айып тұрағына қойылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы