2017 жылға дейін «электронды үкіметтің» барлық қызметтері мобильді форматқа көшіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2017 жылға дейін «электронды үкіметтің» барлық қызметтері мобильді форматқа көшіріледі

07.10.2014
2017 жылға дейін «электронды үкіметтің» барлық қызметтері мобильді форматқа көшіріледі

Таяу үш жылдың ішінде «электронды үкіметтің» жоғары сұранысқа ие қызметтерін мобильді форматқа көшіру жоспарланған, деп мәлімдеді бүгін Астанадағы  III Жаһандық «электронды үкімет» форумының (Global e-Government Forum -2014) алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Инвестиция және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев.

«Электронды үкіметті дамытудың келесі кезеңі - бұл мобильді үкіметті дамыту. Биылдың өзінде жоғары сұранысқа ие 50-ге жуық қызметті ұсынғымыз келеді. Одан кейін үш жылдың ішінде қазіргі таңда үкімет порталындағы бар барлық қызметті мобильді үкіметке ауыстыру болжанып отыр»,- деді А.Жұмағалиев.

Сонымен бірге, ол халық арасында ұялы байланыстың кең таралуы мобильді үкімет сервистерін белсенді енгізуді бастауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, вице-министрдің айтуынша, халық электронды қызметтерді тек планшеттер мен смартфондар арқылы ғана емес, қарапайым ұялы телефондар арқылы да, электронды қолтаңбаны пайдалана отырып қолдана алады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Хабарламаларға жазылу