Талдықорғанда регбиден еліміздің жоғары оқу орындары арасында Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды zhetysutv.kz.
Оған 7 команда қатысуда. Бұл жарыс келесі жыл Республика көлемінде өтетін Универсиада ойындары алдындағы дайындық кезеңдерінің бірі.
Студенттер арасындағы ел біріншілігі 3 күн бойы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің стадионында өтеді. Жарысқа Қарағанды, Тараз, Алматы және Талдықорған қаласындағы жоғары оқу орындарының ұжымдары келді. Спорттық шараның салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Кореяда өткен Азия ойындарының қола жүлдегерлері Людмила Сапронова мен Оксана Шадрина және Сымбат Жаманқұлова қонақ ретінде шақырылды. Олар осы ЖМУ-дың студенттері. Қыздардың жеңісі жастарға үлгі болуда
Осы жарыстан соң Талдықорғанда регбиден кәсіпқой клубтар арасында ел біріншілігі өтеді.