Әлемдік актерлерге аттың құлағында ойнауды үйреткен қазақ жігіттері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік актерлерге аттың құлағында ойнауды үйреткен қазақ жігіттері

07.10.2014
Әлемдік актерлерге аттың құлағында ойнауды үйреткен қазақ жігіттері

Қазақ халқының тыныс-тіршілігі төрт түлік малмен тығыз байланысты екені  ықылым заманнан белгілі. Ал, соның ішінде жылқының алар орны тіпті ерекше. Сондықтан болар, «Ер қанаты – ат» деп шашасына шаң жұқтырмас сәйгүліктерді  әспеттеген. Ал, ат құлағында ойнайтын қыз-жігіттер қашанда абыройлы.

Кино әртістеріне атқа мінуді үйрететін цирк әртістерінің династиясы Күнғожиновтар  әулетінен шыққан Жайдарбек Тұрсынғалиұлы: «2-3 айдың көлемінде жақсы шабандоз дайындап шығаруға болады»,-дейді.

«Көшпенділер» фильміне түскен әлемдік киножұлдыз Марк Дакаскас, Джейсон Скотт Ли және өзге де актерлерге атқа мінуді үйреткендердің бірі осы - Жайдарбек Тұрсынғалиұлы.

«Біз Голливудтың көптеген актерімен жұмыс істедік. Олардың қатарында Натали Портман,  Эд Харрис, Колин Фаррелл, Джейсон Скотт Ли және «Троя» фильміндегі актерлер бар»,-дейді ол.

Дүниежүзінің кино мамандары мен актерлеріне аттың құлағында ойнауды үйрететін қазақ жігіттері туралы «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу