Ақмола облысында 4 миллион тонна астық жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 4 миллион тонна астық жиналды

06.10.2014
Ақмола облысында 4 миллион тонна астық жиналды

Бүгінгі күні Ақмола облысында 3 миллион 400 мың гектар алқаптың егіні бастырылып, 4 миллион тонна астық жиналды. Бұл туралы облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен мәжіліс барысында айтылды.

Мәжілісте егін орағы науқанының барысы, экспортқа ет өнімдерін шығару, бюджеттін кірісін және шығыс бөліктерінің орындалуы және қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары талқыланды.

Облысы әкімі Сергей Кулагин диқандарға егін орағын аяқтауға бар мүмкіндіктерді жұмылдыруды және жылу беру маусымына ойдағыдай кірісу үшін бұрыннан қордаланып қалған қарыздар бойынша жұмыс істеуді тапсырды, деп жазады ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу