Солтүстік облыстарда астық жинау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік облыстарда астық жинау басталды

06.09.2018

Хабарымыздың басында айтылған бүгінгі санның сырын ашатын ақпаратқа да жеттік. Еліміздің астықты өңірі - солтүстік облыстарда егін жинау науқаны басталды. Биыл жалпы 15 миллион гектардан астам алқаптан астық жиналмақ. Бүгінге дейін оның 3 миллиондай гектары қамбаға құйылған. Мысалы, Астана іргесіндегі Ақмола облысының Целиноград ауданы биыл өткен жылғыдан 100 мың тонна көп астық жинауды жоспарлап отыр. Бірнеше күн бұрын басталған науқанға аудандағы 500-ден астам комбайн жұмылдырылған. Астықты өңір дихандары тамыз айының жаңбырлы болуына байланысты биыл науқанды 10-12 күнге кешігіп бастағанын айтуда. Дегенмен, осы айда барлық жұмыстарды аяқтап, қамбаны дәнге толтыруды көздеп отыр. Айта кету керек, елімізде соңғы бірнеше жыл бойына астық мол көлемде жиналды. Биылғы жоспар 20 миллион тонна астық.  

Малғаждар Таткеев, Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімі:

- Дәнді-дақылдарды жинаудың өнімділігі күніне 10 500 га құрайды. Ауа райы жақсы болса, 19-20 күннің ішінде аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта және 29 000 тонна астық тұқымы толықтырып салынуға жоспарланып отыр.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу